Қазақ Мәсімовті орысшылдығы үшін жақтырмайды

Dalanews 26 там. 2016 05:57 224

Кезінде мен Астанада саяси технология атты кафедраны қүрып, соны төрт жылдай басқарғанмын. Сол бағытта біз бірнеше коллективтік кітап шығардық. Оның алдында мен Қазақстанның бірінші басшылары атты кітапша және Дариғаның басқаруымен документалдық фильмдер түсіргенбіз. Қазақстан Парламентіне сайлауда тиісті адамдарды саяси технологиялық  қолдау жасау біздің мақсат болды. Сондықтан кейбір саяси технологиялық ойларды ортаға салмақпын. Мен саясаткер емеспін және бола алмаймын. Бірақ қолдан келетіні – саяси технологиялық талдау, кеңес беру.

Дариға соңғы кезде бірқатар саяси технологиялық қате жіберді. Ол – орысжанды, Ресейшіл қайраткер саяси бейнесі. Ол ойлайды: жүрген жерде қазаққа орысшыл ақыл айтам, орысқа жағынам. Бара келе «орысшыл Дариғаны» қазақтың орысшыл элитасы мен истеблишменті және Ресей басшылары президенттікте қолдау керек деп есептейді ол. Ал іс жүзінде қазақтың қоғамдық пікірінде «орысшыл- Дариға» деген имидж зауалды имидж екенін ол ойламаған.

Мәсімовтың қателігі соған жақын – оны ұйғырлығы үшін қазақ жек көріп отырған жоқ, орысшылдығы үшін жақтырмайды, орысшыл ұйғырлығы үшін қазақ оны жек көреді. Егерде ол қазақша сөйлеп, қазаққа жағатын саясат жүргізген болса- ашық түрде мемлекеттік тілге жанашырлық көрсетсе- қазаққа одан жақсы адам болмайтын еді.Қазақ Белгерді не үшін жақсы көрді-ол ашық қазақшыл болды.Екеуіне де (Дариға мен Мәсімов) қазақтық ұлттық популизмі жетпейді. Бірақ Мәсімовке Белгердің рөлін емес Тасмағамбетовтың рөлін ойнау керек еді, ал Мәсімов Есет Исекешевтің,тағы басқа орысшыл жігіттердің рөлін ойнады. Бұл қате имидж еді. Тасмағамбетовты қазақтың басым көпшілігі жақсы көреді.

Тасмағамбетовты әсіресе қазақтың Батыс өлке қазақтары қолдайды және бүкіл қазақтың зиялы қауымы.Бірақ Тасмағамбетовтың саяси конкуренттері ең озық үміткерді сүріндірмей қоймайды, себебі ол Президенттікке потенциалды ұрымтал кандидат. Тасмағамбетовтың осал жағы – оның жаулары Президентке тым жақын және олар тым көп жалған ақпарат беріп отырады.Тасмағамбетовке екінші қауып – ол арнайы провокация, яғни белгілі әрекетке итермелеу және әшкерелеу. Тағы бір қауып: ол жемқор болды деп айыптау. Жемқорлықтың болуы не болмауы маңызды емес, мәселе шынайы айыптауда. Әскерде жемқорлық көп кездеседі, соның бірін Тасмағамбетовке жабу. Кейін ірі көлемде мемлекеттік қаржы қолды болыпты деп айыптау  болуы ықтимал. Әрине, осы тұста потенциалды айыптау объектісі оның күйеу баласы болуы мүмкүн . Кім, қашан билікке ашық таласа бастайды?

Ол кезеңді «судьбоносный год» и «час икс»-күмәнді жыл мен шешуші сағат ретінде бағалаймыз. Сол тұста барлық бас билікке үміткерлер белгілі әрекет жасамақ. Ол қандай жағдайда болу ықтимал? Президент он бес күннен артық ауырып қиын жағдайда болса немесе ұзақ уақыт шетелде жүріп ішкі жағдайды нақты қадағалай алмаса болады. Саяси немесе әлеуметтік толқулар болса - шерулер мен  жаппай тәртіпсіздік жаппай орын алады, егер Ішкі істер қызметкерімен Ішкі әскерлер қосындары паралич жағдайына түсіп қалса. Сырттан елеулі шабуыл болып, жеріміздің елеулі бөлігі жау астында қалса.

Соңғы жағдай: Президенттің денсаулығы сыр беріп немесе кездейсоқ трагиқалық оқиға бола қалса. Бұл жағдайларды арнайы қызметтегі адамдар жақсы қадағалайды деген ойдамын. 

Әзімбай Ғали, саясаттанушы 

ДЕРЕККӨЗ: qamshy.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x