Руслан Күлікбаев: «Сот пен полициядан өш алғым келді, мен әділетсіз сотталдым»

Dalanews 29 шіл. 2016 04:13 293



Алматыда атыс ұйымдастырып, алты адамды ажал құштырған Руслан Күлікбаев сот пен полициядан кек алмақ болған.

Бұл туралы Время газетіне сілтеме жасаған kaz.365info.kz жазады. Басылым тілшісі Күлікбаевтың тергеу кезіндегі түсініктемесінен шағын үзінді жариялапты. Сонымен, ол не деді?

Өз сөзінде Күлікбаев бала кезінен кәсіби түрде кикбоксингпен айналысқанын айтқан. Тіпті, облыстық жарыстарда өнер көрсеткен екен. Алайда жүлделі орындарға ілікпепті.

– Әскерде болған жоқпын, бірақ аңшылық қабілетім жақсы дамыған. Себебі, бұдан бұрын кәсіби түрде пейнтболмен айналыстым.
Мен шынымен де соттардан, прокурорлардан және полициядан өш алғым келді. Себебі, мені әділетсіз түрде түрмеге жапты.

Алдымен мен Алмалы аудандық сотына бардым, бірақ ол жақта форма киген ешкімді кездестіргем жоқ. Осы арадан Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына тура тартып, посттан сыртқа шығып келе жатқан адамды аттым.

Сосын басқа полицейлерге оқ жаудырдым. Мен форма кигендерді ғана көздедім, бейбіт тұрғындарға оқ атқан жоқпын, – дейді Күлікбаев.

Ал жезөкшенің өлтіруіне қатысты мынадай түсініктеме беріпті:

«Бұдан бұрын мен онымен және оның құрбыларымен кездесіп, істерінің харам екенін айтқам. Оның үстіне, бұл қасиетті Рамазан айы болатын. Олар маған құлақ асқан жоқ. Міне, сол кезде оны атып өлтірдім. Макаров тапаншасын көшеден тауып алдым, қай жерде екені есімде жоқ…».

Күлікбаевтың қолында болған екі қаруды да полицейлер тексеріп үлгеріпті, екеуі де еш жерде тіркелмеген және басқа қылмыстарға қатысы жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x