Жер комиссиясының отырысына кететін шығынды Досаев өз қалтасынан төлесін

Dalanews 24 шіл. 2016 15:33 248

Саясаткер, жер реформасы жөніндегі үкіметтік комиссия мүшесі Мұхтар Тайжан осы уақытқа комиссиясының отырыстарына кеткен шығындарға тоқталыпты. Тайжан "комиссияның отырыстары бюджет үшін қымбат па?" деген мәселе көтерген. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Мысалға Атырауға дейін ұшаққа билеті - 113 мың теңге. Қонақ үйі - үш тәулікке 75 мың, тамақ, прачка, көйлек үтіктеу - 10 мың - тәуліктік төленеді. Толығымен дерлік 200 мың теңге бір адамға. Кешегі отырысымызға Жер комиссиясының 25 мүшесі қатысты. Яғни, іс-сапарға шамамен 5 млн теңге ақша кетті. Залды жалға алу, адамдардың жұмысын айтпай-ақ қояйын.

Бұл 8-ші отырыс болды. Басқа отырысымызға 25 емес, 75 мүше қатысады. Яғни бүгінге дейін ең кемі 40 млн теңге мемлекеттік қалтасынан кетті деген сөз.


Неге мұндай шығын пайда болды?

Себебі Жер мәселесі бойынша соңғы заң сапасыз болғандықтан халық оған қарсы үн қатты. Бұл заңның авторы кім болатын? Ерболат Досаев мырза! Досаев мұны мойындап сол үшін отставкаға кетті. "Отставка" болғанда қазір мемлекеттік "Бәйтерек" деген қорын басқарып отыр.

Менің ұсынысым - Жер Комиссияның бюджетін Ерболат Досаевтың жеке мойнына іліп, өзін мемлекеттік жұмыстан алып тастау керек. Болашақта мемлекеттік деңгейде талқыланатын мәселелерге мүлде жолатпау керек. Мұндай айыппұл толығымен әділетті болады деп санаймын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x