Әзімбай Ғали: Бізді сансыз сынақ күтіп тұр

Dalanews 29 сәу. 2015 04:43 216

Елімізді қандай маңызды дүниелер күтіп тұр, әлемдік экономиканың алдында қандай мәселелер бар, Ресей мен Батыс тайталасында қай тарап жеңеді? Осы және өзге де сұрақтарға белгілі саясаттанушы, тарихшы Әзімбай Ғали жаңа Үкіметтің құрамы туралы және Мәсімов кандидатурасы жайында жедел сұхбат берді.  

8e8163cdf178cade9ded84c4e13f5859-fbpost Әзімбай аға, осы жолғы кезектен тыс Президенттік сайлауда Н. Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетті. Үкіметті қайта жасақтау басталды. Назарбаев Мәсімов Үкіметіне қайтадан сенім артты. Жаңа Үкіметті қандай жұмыстар күтіп тұр?

– Бұл жағын дәп басып айту қиынырақ. Менің ойымша, жаңа Үкімет жаңа мақсаттарға құрылған жаңа жоспарларға сай реформалар жасауы керек. Яғни, әлемдік дағдарыстан шығу жолын қарастыруға қауқарлы болғаны жөн. Сондықтан сол реформаларды жасайтын кабинет керек. Бұл дегеніміз Мәсімов жаңа Үкімет құрамын жетілдіріп, ауыс-түйіс жасауы мүмкін аздаған. Көп өзгеріс болмауы заңды. Мәсімов шешпейді, бәрін Ақорда белгілейді. Қалай болған күнде де дағдарыстан шығу және одан ары даму бағдарламасы өзгереді. Себебі, дағдарыстың ауаны қалай өзгерері, оның елімізге қалай әсер етері беймәлім. Қазір әлемдік бағамда мұнайдың, уранның, бидайдың, тіптен қара металдардың да бағасы құлдырап кетті. Бұл бірнеше маңызды салаларды қиындыққа апарады. Мысалы, біздегі қарметкомбинатта мыңдаған шахтерлер жұмыс істейді. Көміршілер сол шахталардың жұмысы арқылы күн көріп отыр. Көмірге сұраныс арта ма, азая ма, соны жіті зерттеу керек. Күні ертең сұраныс азайса, талай адам жұмыссыз қалмасына кім кепіл? Қазір қараметалл сұранысы, сосын құрыш сұранысы төмендеп барады. Елімізде уран өндірісі дамыған. Бірақ Еуропа мен Жапонияда уранға сұраныс құлдырағанымен, Қытайда сұраныс бар. АҚШ-та ураннан бірте-бірте бас тартады. Өйткені, олар мұнай мен газ өндірісіне баса мән беруде. Мұнай мен газ бағасының қашан көтерілетінін қазірше біле алмаймыз. Әлемдік нарықта бидайдың бағасы төмендеп барады. Бидайдың арзан немесе қымбат болуы келесі жылдың аяғында белгілі болады. Бидай бағасы астық жиналғаннан кейінгі дүниежүзілік нарыққа тәуелді. Ауылшаруашылығы тек қана бидайға қарап қалмай, басқа да дақылдарға көңіл бөлмесе, дихандардың төккен тері ақталмай қалуы ғажап емес. Мысалы, көпжылдық өсімдіктерге, жүгері, майлы дақылдарға назар салған жөн. Қазір майлы дақылдарға сұраныс артуда. Қарақұмықтың да бағасы көтеріліп тұр. Біз келер жылдың күзінде қаншалықты мол өнім жинаймыз, оларға сұраныс бола ма, ол жағын тап басып айта алмаймыз. Тап қазір қарақұмық пен майлы дақылдардың бағасы жоғары. Бидайға сұраныс болмауы мүмкін. Биыл қыс жайлы болған сияқты. Ылғал мол. Сондықтан ауылшаруашылығын басқаратын маманға артылар жүк көп. Осы саланы қауырт жұмыс күтіп тұр десек қателеспейміз. Дағдарыс кезінде ауылшаруашылығының дамуына оң ықпал етсек, Үкімет те, қарапайым халық та ұтылмайды.

Білеріміз, жаңа Үкіметті талай сынақ күтіп тұр. Экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар.
Мұның зардабын тек Ресей тартпайды, әлемдік экономикаға да белгілі дәрежеде салқыны тиеді. Экономикалық соғыстардың бағыты өзгеріп, әлемдік нарықта күрделі жағдай қалыптасады. Мұндай сәттерден кейбір елдер ұтса, енді біреулері тығырыққа тіреледі. Қазақстан қандай тәсіл қолданады? Батыс пен Ресейдің арасындағы салқын қабақ қатынас кезінде өзімізді қалай ұстаймыз? Бұл Үкіметтің саясатына, келіссөзіне, жұмысына тіке қатысты болмақ.

– Бұдан бұрынғы Президенттік сайлаудан кейін Назарбаев Мәсімов Үкіметіне сенім білдірген еді. Осы жолы да солай етті. Мұның қандай себебі бар деп ойлайсыз?

– Назарбаев билігін жұмсақ авторитаризм, көзі ашық авторитаризм десек те болады. Яғни, бізде көп жағдайда саяси прагматизм жеңеді. Үкіметті кім басқарса да, дағдарыстан шығудың жолын табуы керек. Мәсімовке сенім білдіруінің көптеген себебі болуы кәдік. Ішкі және сыртқы. Ақордаға ықпалды топтардың көңілінен шығатын, Ресеймен байланысы жақсы адам ғана Үкіметті ұзақ басқарады...

Қазір әлем дауылды күнгі теңіз беті секілді жиі толқын атып, әрі-сәрі күйде тұр. Украина мен Сириядағы жағдай, өрістеп келе жатқан терроризм мен экстремизм, Батыс пен Ресей арасындағы айқас, т.б. Әлемде болып жатқан осындай мәселелерден Қазақстанның қағыс қалмасы белгілі. Осыған байланысты жаңа Үкіметтің алдағы саяси бағыты мен ұстанымдары қандай болмақ?

– Өзің айтқандай, халықаралық жағдай күрделі. Біздің одақтасымыз Ресей Украинамен жабық соғыста. Ресей санкциялардың астында қалды. Ол шеттетулердің ызғары бізге де тиіп жатыр. Біз Еуразиялық одақтың құрамындамыз. Бірақ бұл одақтың ережелері кейде орындалады, кейде орындалмай жатады. Тіптен арада «сауда соғысы» бар сияқты. Мәселен, олардың еттерін біз жібермейміз, кейде олар жібермейді. Мұнда саяси себептер де болуы мүмкін. Яғни, импулистік саяси себептер. Бір бастықтың көңіліне жақпай қаламыз-ау деген сияқты. Ресей мен Украина соғысында Укаинаға бүкіл Батыс көмекке келуде. Егер бұл жағдай ушыға түссе, санкциялар одан сайын күшеюі немесе бәсеңдеуі мүмкін.
Бұл дегеніміз Мәсімов жаңа Үкімет құрамын жетілдіріп, ауыс-түйіс жасауы мүмкін аздаған. Көп өзгеріс болмауы заңды. Мәсімов шешпейді, бәрін Ақорда белгілейді.

Мұның зардабын тек Ресей тартпайды, әлемдік экономикаға да белгілі дәрежеде салқыны тиеді. Экономикалық соғыстардың бағыты өзгеріп, әлемдік нарықта күрделі жағдай қалыптасады. Мұндай сәттерден кейбір елдер ұтса, енді біреулері тығырыққа тіреледі. Қазақстан қандай тәсіл қолданады? Батыс пен Ресейдің арасындағы салқын қабақ қатынас кезінде өзімізді қалай ұстаймыз? Бұл Үкіметтің саясатына, келіссөзіне, жұмысына тіке қатысты болмақ.

АҚШ пен Еуропа елдері Ресейге санкция салған соң, Ресей мен Қытайдың экономикалық байланыстары арта түсті. Егер болашақта Ресей Қытайға экономикалық тәуелділікке ұрынса, онда Қытайдың Орта Азия елдеріне де ықпалы еселеп артатыны айдан анық. Мұның Қазақстанға төндірер қаупі барма?

– Менің ойымша, қазіргі Батыс пен Ресейдің текетіресі Ресейдің ұтылысымен аяқталады. Бір жағынан бұл Қазақстанға тиімсіз болғанымен, тиімді жақтары да бар. Тиімді жағын айталық. Қазақстан мен Иран қатынастары болмақ. Иран кезінде санкциялардың астында қалған мемлекет. Сол санкциялардың бәсеңдеуі мүмкін. Егер солай болса, Каспий арқылы және теміржол арқылы Иранмен сауданы күшейтуге болады. Біздің бидайды сатып алушы елдердің бірі – Иран. Иранның мұнайы сатылмаған соң, олардың жағдай мүшкіл болатын. Жағдайлары оңалып жатса, олардың қаржылық секторы күшейіп, экономикасы жанданады. Ал тиімсіз тұсы, мұнай мен газдың арзандауына әкеледі. Бұл бізге де қиындық тудырады. Қалай болса да, бейбіт болғаны жақсы.Ал Қытай... Қытай, әрине, күшейеді. Меніңше, қазір екінші қырғи қабақ соғыс болып жатыр. Бірінші қырғи қабақ соғыс 1945 жылы басталып, 1991 жылы КСРО-ның күйреуімен аяқталды. Социалистік одақтас елдер құлап, оның орнына егеменді Шығыс орталық Еуропа  пайда болды. Олар бірден НАТО-ға қосылып кетті.

Енді, міне, екінші қырғи қабақ соғысы басталған сияқты. Путин Мюнхенде қатты, ызғарлы сөз сөйледі. Батыс бұрын бірінші жауым Иран деп білсе, енді негізгі дұшпаны Ресей сияқты болып отыр. Олар бұл таластың түбіне жетпей қоймайтын секілді.

Қазақстан географиялық жақтан екі алып державаның ортасында тұр. Әлем саясаткерлері «Қытай қаупі» туралы баяғыдан айтып келеді. Украина жағдайынан кейін Ресейдің бетпердесі сыпырыла бастады. Қазақстанның осы қауіптерден «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай,» аман шығатын жолы бар ма?

– Меніңше, негізгі қауіп Ресей тарапынан. Өйткені, Украинаға шабуыл жасаған Ресей. Ал Қытай бірінші қырғи қабақ соғысында социалистік мемлекет болса да, КСРО-мен дос болған жоқ. Содан кейін ХІХ ғасырдың ортасында Қытайдың бәсеңдеген кезеңі болды. Қытайдың жерлерін Португалия, Ұлыбритания, Германия, Ресей т.б. секілді елдер өзара бөліске салып, тартып алды. Сол аталған мемлекеттердің бәрі тартып алған жерлерін қайтарып берді. Тек Ресей ғана әлі күнге Қытайдан алған жерін өзіне қайтарған жоқ. Уссурийский край, Амурский край, Приморский край 1858-1860 жылдардағы Айгун – Пекин келісімі бойынша Ресейдің Қытайдан тартып алған жерлері болатын.  Ал Германия өз территориясын біріктірді. Әйтсе де, Калининград обылысы әлі де Ресей аумағында. Сол себептен де, геосаяси жақтан бәріне жақпайтын жау Ресей болатын шығар. Осы жағына мән берсеңіз, Ресейге дос табу қиын секілді. Қытайдың да өз мүддесі бар. Олардың кезінде Ресей алған жерлерінің аумағы едәуір үлкен аумақты қамтиды. Бірнеше Еуропа мемлекеттері сыйып кетеді десек те болады. Сайып келгенде, Қытай да Ресейдің құлдырауына, тіпті ыдырауына да пейілді секілді.

Қазақстан көпвекторлы саясат ұстануға тырысып бағуда. Әйткенмен, Ресейдің ықпалы азаймай тұр. Олардан біржола теріс бұрылып кету дәл қазіргі позицияда мүмкін емес... Біздің билік екі оттың ортасында отыр. Бұдан аман-есен өту үшін саяси көрегендік керек-ақ. Оның бәрі Үкіметтің және Ақорданың көзқарасы мен өзіндік тәжірибесіне байланысты...

Әңгімелескен Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x