Back

Шет елдегі іс-сапардан ұзақтау ұшып келгендіктен, түнде әлеуметтік желіге кірсем, мына хабарды жіберіп жанашыр азаматтар сүйінші сұрап, мүмкін тағы бір әрекет етіп көрерсіздер деген пікір білдіріпті.

Өнертанушы Ерлан Төлеутайдың мына бір пікірі іштен тынып жүрген талайдың айызын қандырғандай екен. Өнертанушы барша бақытсыздығымыз бен сәтсіздігіміздің бастауында тұрған себепті бетің бар, жүзің бар демей тура айтыпты.

«Жас Алашқа» монологын жариялап, «мемлекеттілік және мемлекетшілдік» төңірегінде ойланып, толғанған Тоқаевтың уәзірі Ерлан Қаринге журналист Дина Елгезек тіл қатыпты. Қариннің сала құлаш монологы: «мемлекеттілігімізді мәңгілік ету үшін әрқайсымыз шынайы отаншыл, мемлекетшіл болуға тиіспіз» дегенге негізделсе керек. Ал Дина болса, «бұған дауым жоқ, бірақ осы 30 жылда қазақ бәріне көндікті» дейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 9 қазанда "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, қазіргі Президент бірқатар тағайындауларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасымен, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтанов Назарбаевпен алдын ала келісіп, жасайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.