Cоңғы жаңалықтар
Back

Елордада «Ulytau» этно-рок тобының 25 жылдық концерт өтеді

Әйгілі «Ulytau» этно-рок-тобы өзінің 25 жылдығына орай Астанада үлкен концерт өткізеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

24 қазан күні кешкі сағат 20.00-де «Барыс-Арена» мұз сарайында жобаны жасаушы және продюсер Қыдырәлі Болманов бастаған «Ulytau» тобы өзінің 25 жылдығына орай үлкен концерт өткізеді.

Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары – Қарақат Әбілдина, Майра Мұхаммедқызы, RaiM, Kalifarniya, Amre, Qanay өнер көрсетеді.

«Ұлытау» – бұл батыс және шығыс мәдениеттерінің бірігуі әрі әлемде осы аспаптық жоба сияқты өзше баламалары жоқ.

Скрипканың жұмсақ дыбысы қазақ домбырасының таңғаларлық мотивтерімен үйлеседі, ал электр гитараның айқын екпіндері топтың дыбысын шынында ерекшелей түседі.

«Ұлытау» музыканттары қазақтың әйгілі Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Нұрқисса Тілендиев секілді күйшілердің, сол сияқты әлемдік Бах, Вивальди, Паганини туындыларын орындайды әрі қазақтың халық шығармаларына да көп көңіл бөлінеді.