Түркістан облысында «Ауыл аманаты» арқылы 10,3 млрд теңгенің жобалары қаржыландырылды
Түркістан облысында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасын жүзеге асыруға 16 ауданнан 64 ауылдық округ анықталып, 75 кооператив құрылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінді.
«Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» АҚ-на «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыс көлемінде 17,9 млрд теңге құрайтын 3409 жобаға өтініш түсті.
Оның ішінде уәкілетті органмен 3 018 жоба қаралып, жалпы соммасы 14,2 млрд теңгені құрайтын 2437 жоба мақұлданды. 10,3 млрд теңге құрайтын 1 797 жоба қаржыландырылды.
Жобаны іске асыру нәтижесінде 3 220 жоба қаржыландырылып, 3400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сонымен бірге АӘК алатындар саны азайып, тұрғындардың күнкөріс деңгейі 1,5 есеге ұлғаяды деп жоспарланған.