Cоңғы жаңалықтар
Back

Көктал мен Жаркент елді мекендерін қосатын жол пайдалануға берілді

Көктал мен Жаркент елді мекендерін қосатын жол жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Жетісу облысындағы Панфилов ауданында орналасқан республикалық маңызы бар «Көктал-Жаркент» күре жолы (306-322 шақырым) жөндеуден өткен. Бұл жол арқылы тәулігіне 3 мың көлік қатынайды.
Жөндеу жұмыстары аясында:
• асфальтбетон жабынының екі қабаты төселді;
• жол бойында жаңа жол белгілері орнатылды;
• 314-шақырымда қосымша жаңа демалыс алаңы жабдықталды;
• су ағынын қауіпсіз өткізу үшін үш су өткізгіш құбыры орнатылды;
• жол таңба сызығы жаңартылды.