Жүкті әйелін соққыға жыққан елорда тұрғыны 10 тәулікке қамалды

Dalanews 18 сәу. 2023 14:18 226

Астана қаласы құқық қорғау органдары жүкті әйелін ұрып-соққан ер азамат 10 тәулікке қамауға алды. Ол бұған дейін де әйеліне қол көтергені мәлім болды.

– Бізге 36 жастағы елорда тұрғынынан күйеуінің соққыға жыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, 42 жастағы ер адам үйінде бола тұра, әйеліне балағат сөздер айтып, сол арқылы кәмелетке толмаған екі баласының көзінше оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне тіл тигізіп, ұрып-соққан. Белгілі болғандай, бұл ер адамның әйеліне бірінші рет қол көтеруі емес, – дейді тәртіп сақшылары.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері отбасында жанжал шығарған азаматқа қатысты ҚР Кодексінің 73-2 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Бұдан кейін Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынғаны мәлім болды.


Бас қаладағы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту мақсатында елордалық полиция басқармасының қызметкерлері жан-жақты жұмыс істеде.

Егер сіз зорлық-зомбылық құрбаны болсаңыз, дереу 102 телефоны немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің 8-(7172)-71-60-63 сенім телефоны арқылы полицияға хабарласуыңызға болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x