Back

Семейде Бекен Жылысбаев атындағы республикалық вокал байқауы өтті

Семейде Қазақстанның халық әртісі, әнші, ұстаз, профессор Бекен Жылысбаев атындағы республикалық вокалшылар байқауы өтті. Байқауға еліміздің әр өңірінен 19 әнші қатысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі кезеңнен тұрған байқауға қатысушылар Бекен Жылысбаевтың репертуарындағы шығармаларды орындады.

Қазылар алқасының құрамында Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Танагүл Бекназарова, ҚР Мәдениет қайраткері Нұрлан Көшеров болды.

Байқау нәтижесінде 3 орынды Қызылорда қаласынан Әнуарбек Нұрсұлтан, Түркістан қаласынан Алпысбаева Аружан және Семей қаласынан Ерланова Мадина иеленді. Көкшетаулық Ринат Нұрмұхат пен семейлік Ақнұр Кабитова 2-орынды жеңіп алды. 1-орын алматылық Бекзат Әбітов пен астаналық Әйгерім Аманжоловаға бұйырды.

Вокал сайысында алматылық Мақсат Саматов Гран-при иегері атанды. Республикалық байқаудың дипломанттары павлодарлық Аманбол Сейілхан, алматылық Аружан Тоқтаған, астаналық Динара Таубекова болды.

Сондай-ақ, Бекен Жылысбаевтың концерттік орындаушысы Гүлфия Әбдірова «Үздік концертмейстер» арнайы марапатына ие болды.

Айта кетсек, байқауға әншінің ұрпақтары Ардақ, Аида Бекенқызы мен немерелері қатысты.

Тағы оқыңыз:

Абай облысы мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданы арасында меморандумға қол қойылды