Астана қаласы соты әйелін болконнан итеріп жіберген ер азаматқа қатысты үкім шығарды

Dalanews 21 сәу. 2023 13:34 228

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты отбасындағы жанжалдан кейін әйелін балконнан итеріп жіберген елорда тұрғынына қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алкогольдік масаң күйде болған ер адам әйеліне қатысты физикалық күш қолданып, жанжал шығарып, оны тұншықтыра бастаған, содан кейін оны балконның терезе жақтауына көтеріп, 2-қабаттың балконынан итеріп жібереді.

Отбасында жанжал шығарған ер адам өз кінәсін толықтай мойындаған.  Жәбірленушінің айғақтары мен сот-медициналық сараптамасы да ер адаманың айыпты екенін дәлелдеп отыр.

Сот айыпталуышының шын жүректен өкінуін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныған. Бірақ сот қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде ер адаманың алкогольдік масаң күйде болғанын да басшылыққа алған.


Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігіндегі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша айыпталушының 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Сот үкімі ер адам денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып, ер адамды 3 жылға бас бостандығынан айырды. Соттың үкімі заңды күшіне енді.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x