Астана. Үш күнде айлық мөлшерден артық қар жауды

Dalanews 17 сәу. 2023 07:47 330

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, қаланы қардан тазалауда, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Қазгидромет» мамандарының айтуынша қалада қар шамадан тыс жауған. Айталық қыста бір айда жауған қардың мөлшері 22 мм аспаған. Ал осы жолы үш күнде жауған қардың мөлшері 37,6 мм жеткен. Осыдан-ақ, Астанадағы коммуналдық қызметтің қандай қарқынмен жұмыс істегенін аңғаруға болады.

Коммуналдық қызметтердің күшейтілген режимде жұмыс істегенінің арқасында қалада анау айтқандай коллапс жағдай орын алған жоқ.

Қар күреу жұмысына күн сайын 2,2 мыңнан астам жол жұмысшы, мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылған.



17 сәуірге қараған түні елордадан 23 мың текше метрден астам қар немесе 1 671 жүк көлігі қар шығарылған.


Қыс басталғалы бері бүгінгі күнге дейін қала шетіндегі полигондарға 4 миллион текше метрге жуық қар шығарылған (бұл 318 мыңнан астам рейс).

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты қалада көлік қозғалысы біршама төмендеді.

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жүргізушілер мен жолаушылар өте мұқият болып, қауіпсіз қашықтықты сақтауы маңызды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x