Сайлау ел үшін ең маңызды күн. Біз өз таңдауымызды жасадық – жетісулық велошабандоздар

Dalanews 19 нау. 2023 07:32 221

Велоспорттан КСРО спорт шебері Николай Андреев бастаған велошабандоздар бүгін азаматтық таңдауларын жасап, дауыс берді.

Күнделікті жаттығуға шығып бара жатқан спортшылар сайлау еліміз үшін маңызды дейді.

"Бұлар менің шәкірттерім. Әркез спортқа ғана емес еліміздегі саяси оқиғалардан хабардар етіп отырамын. Бүгін арнайы тобымызбен келіп дауыс бердік. Ары қарай жаттығуларымызды жалғастырамыз" дейді аға жаттықтырушы.

Николай Андреев шәкірттері бүгінде еліміздің және әлемдік аренада велоспорттан үздіктер қатарында көрінуде.

Ақпейіл Өсім есімді шәкірті Азия чемпионы атанса, қазір Дубайда жеке велоклубта өнер көрсетуде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x