Астанада 13 онлайн-казиноның жұмысы тоқтатылды

Dalanews 18 сәу. 2023 07:22 216

Астана қаласы прокуратура рұқсат етілмейтін мазмұнда ақпарат таратқан интернет-ресурстар мен заңсыз онлайн-казинолардың жұмысын тоқтатты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тексеру кезінде ел аумағында тыйым салынған 13 онлайн-казиноның қызметі тоқтатылған.

Соныман қатар құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандарға қатысты заңсыз әрекеттерді анықтауға ерекше назар аударғанын айта кетуіміз керек.


Порнографиялық материалдарды насихаттау, есірткі заттары мен балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты тарату белгілері бар интернет-сайттар да бұғатталған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x