Сайлау арқылы бәріміздің тағдырымыз шешіледі – Ольга Рыпакова

Dalanews 19 нау. 2023 07:03 187

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова елімізде өтіп жатқан барлық сайлаулар мен референдумдарға қатысады, осылайша өзінің белсенді азаматтық ұстанымын көрсетуде. Бүгін Қазақстанда өтіп жатқан Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауынан да ол шет қалған жоқ, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Спортшы Өскемен қаласының № 47 орта мектебінде орналасқан № 2 сайлау учаскесінде дауыс берді.

– Менің ойымша, бұл менің міндетім, өз елімнің өміріне қатысу, өйткені Қазақстанның тағдыры арқылы біздің балаларымыздың тағдыры шешіледі. Менің балаларым өз Отанында өмір сүруді, оқуды және жұмыс істеуді жоспарлап отыр, – деді Ольга Рыпакова.


Чемпион көптеген бюллетеньдерге қарамастан, бәрі қарапайым және түсінікті болғанын, дауыс беру процесінде ешқандай қиындықтар туындамайтынын атап өтті.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ақгүл Жақышованың айтуынша, учаскеде таңертеңнен бастап адамдар көп, әсіресе жастар белсенді.

Тағыда оқыңыз:


https://dalanews.kz/saylau/87482-zhanga-qazaqstanga-zhanga-yenergiiasy-zhanga

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x