Cоңғы жаңалықтар
Back

Талдықорғанда Миллионер дауыс берді

Өтенай ауылдық округіне қарасты Мойнақ ауылының сүт өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкер Қажыкенұлы Миллионер дауыс берді.

Ерекше есімді ағамыз бала кезінен мал шаруашылығымен айналысып, ұлттық тағамдарымыз: шұбат, қымыз, құрт, ірімшік, сүт, айран т.б. халыққа ұсынып келеді.

Қазіргі уақытта 5 баласын және 10 немересін осы өнімдердің арқасында асырап отырған ер азамат.

“Сайлау – саяси науқан. Сайлауға түсіп жатқан үміткерлер мемлекетіміздің болашағына өз үлестерін қосып, жауапкершілік танытады деген ойдамын. Қазақстан Республикасы – өзінің демократиялық үрдістерімен бүкіл әлемге танылған мемлекет.

Мен осынау саяси жаңғырудың мән-маңызын, жалпыұлттық тұжырымын кең көлемде сайлаушы ретінде қолдай отырып, ел дамуының елеулі кезеңі халықтың саяси сауаттылығы мен сарабдал ойына, азаматтық көзқарасқа жүгінетініне сенімім мол”, – деді Миллионер мырза.