Cоңғы жаңалықтар
Back

ШҚО волонтерлері су тасқынына қарсы іс-шараларына көмектесуде

Шығыс Қазақстан облысының волонтерлері ТЖ қызметінің өкілдерімен бірлесіп су тасқыны қаупі бар учаскелерге тұрақты мониторинг жүргізеді. Олар жеке секторды қардан тазартады, су басудың алдын алу шаралары туралы жазылған парақшалар таратады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 260 волонтер жұмылдырылды. Олар қазірдің өзінде жеке сектордың, жалғыз тұратын қарттардың, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың үйлерін қардан тазарту бойынша 20-дан астам іс-шара өткізді.

Сондай-ақ, волонтерлер ШҚО ТЖД өкілдерімен бірлесіп қалалар мен аудандарда үйлерді аралап, су тасқынының алдын алу бойынша 2500-ге жуық ақпараттық қағаздар таратты.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында өңірде ШҚО ТЖД өкілдері, баланс ұстаушылар мен волонтерлер облыстың су тасқыны қаупі бар учаскелері мен гидротехникалық құрылыстарына жұмыс топтары бақылау жүргізеді. Бұл тәжірибе су тасқыны қаупі бар кезеңдегі елді мекендердің “әлсіз жерлерін” алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді, дейді мамандар.