Cоңғы жаңалықтар
Back

Маңғыстаулық шаруаларды қолдау мақсатында субсидияға мемлекеттен 1,9 млрд теңге бөлінді

Маңғыстау облысында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау мақсатында 2023 жылы бюджеттен 1,9 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қазбек Тәшімов хабарлады.

Спикердің айтуынша, аталған қаржы жалпы сипаттағы трансферттер есебенін жергілікті бюджеттен бөлінбек. Басқарма басшысы бөлінетін сома жыл соңына дейін тағы артуы мүмкін екендігін айтты.

Жалпы өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін 2019-2021 жылдар аралығында агроөнеркәсіптік кешеннің 1005 субъектісіне 2,33 млрд. теңге көлемінде субсидия берілген. 2022 жылы 2,2 млрд. теңгеге 581 агроөнеркәсіптік кешен субсидияланған.

– Ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасының негізгі салаларының бірі. Биыл шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін, шаруа қожалықтарын қолдау мақсатында субсидиялауға бюджеттен 1,9 млрд теңге бөлінді. Атап айтқанда, мал шаруашылығын дамытуға – 818 млн.теңге, егін шаруашылығын дамытуға – 43,6 млн теңге, инвестициялық субсидиялауға – 720,4 млн теңге, сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға – 350 млн теңге бөлінеді, – деді Қазбек Тәшімов.

Басқарма басшысының айтуынша, бұл субсидия кәсіпкерге жаңа асыл тұқымды мал басын сатып алуға, оның азығына кеткен шығынды өтеуге, құс шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, лизинг бойынша ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының кредиттік сыйақы мөлшерлемелерін өтеуге, ауыл шаруашылығы жерлерінде жаңа ұңғымалар қазуға, егін шаруашылығында тыңайтқыштар сатып алуға, жұмсалған су құнының шығынын өтеуге  жағдай жасайды.

Айта кетейік, субсидияға өтінім беру үшін https://gosagro.kz/base мемлекеттік ақпараттық жүйесіне электронды цифрлық қолтаңбамен (ЭЦП) тіркеліп, электронды түрде өтінім бере аласыз.

Тағы оқыңыз:

«Демонополизациялау басталды!» Теміржол мен мұнай-газ инфрақұрылымдары мемлекет меншігіне қайтарылады

“Болашақ” түлектері биліктің жалына жармасып, шенеунік болуға неге құмар?