Жеңіс Қасымбек Алматы ауданының тұрғындарымен кездесті

Dalanews 11 қаң. 2023 13:39 259

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Алматы ауданының тұрғындарымен кездесуде бірқатар мәселелер талқылады.

«Ашық микрофон» форматында өткен басқосуда аудан тұрғындары көкейде жүрген сұрақтарын қала басшысына ұойып, тұщымды жауап алды. 3 сағаттан аса уақытқа созылған кездесуде ауданнның тыныс-тіршілігіне қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Әкім алдағы уақытта мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп тұрудың маңызына тоқталды.

– Бүгінде аудан тұрғындарымен кездесуде әлеуметтік нысандар, инженерлік желілер, жолдар мен тротуарлар, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салу, абаттандыру, жылы аялдамалар, бейнебақылау камераларын орнату, жаңа маршруттарды іске қосу, интернет, инфрақұрылым нысандарын дамыту мәселелері кеңінен сөз болды, – деді Жеңіс Қасымбек.



Қазіргі таңда бас қалада су, жылу және электрмен қосымша жабдықтау қажеттілігі бар екені белгілі. Осы ретте әкімдік келесі жылыту маусымы басталғанға дейін ЖЭО-3, екі газ жылу станциясының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырғаны белгілі. Бұл нысандар жылумен жабдықтау көлемін едәуір арттырып, тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатқан аудандарды жылумен қамтуға мүмкіндік береді.


Сонымен қатар биыл ауыз су станциясын (ССС-3) толық қуатта іске қосуды жоспарлануда. Сатанция іске қосылғанда су жабдықтау мәселесін шешеді. Дегенмен бірнеше жылдан кейін бұл да жеткіліксіз болуы мүмкін. Өйткені Астана қаласы жыл өткен сайын дамып келе жатқаны белгілі. Сол себепті қаланың бас жоспары жобасына елорданың тіршілігін тиісті деңгейде қамтамасыз ететін бірқатар нысанның құрылысы жүретін болады.

Кездесуде тұрғындар №15 қалалық емхана мен №13 мектеп (Промышленный елді мекені) бойынша мәселелер көтерді. Өз кезегінде әкім биыл емхана бойынша жобалау жұмысын бастап, артынша құрылысы қолға алынатынын алға тартты. Ал мектепмәселесі бойынша биыл жаңа ғимараттың құрылысын басталмақ.

– Көктем келген бетте аудандарды абаттандыру, жолдар мен тротуарлар, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салу жұмыстарын жалғастырамыз. Кездесуде көтерілген мәселелердің қалай шешіліп жатқанын тұрғындарға дер кезінде хабарлап отырамыз, – деді елорда әкімі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x