Елордада 300 орынды балабақша пайдалануға берілді

Dalanews 16 желт. 2022 06:32 305

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әуелсізді күні жаңа балабақшаның ашылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әкім қаланы аралау барысында, тұрғындармен кездесуде де әлеуметтік нысандар салу мәселесі сөз етті. Әкімдік көлем бойынша қазіргі деңгейді сақтап қана қоймай әлеуметтік нысандардың (мектептер, медициналық пунктер, әлеуметтік тұрғын үйлер және т.б.) санын да арттыруды көздеп отыр.

Айталық, алдағы оқу жылына қалада 13 мектеп салуды жоспарланудаБұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 100 мың оқушы орнына (2 ауысымды) арналған 25 ірі мектепті жобалау жұмысы басталды. Жаңа форматтағы білім ордаларының құрылысын 2023 жылы басталады.

– Алдағы жылы жекеменшік балабақшаларға арнап 9 мың орынға арналған қосымша мемлекеттік тапсырыс беруді, сол арқылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыруды жоспарлап отырмыз, – деді Жеңіс Қасымбек.


Бүгін Астананың қарқынды дамып келе жатқан ауданда №98 «Мирас» мемлекеттік балабақшасы ашылды. Балабақшаның сыйымдылығы 300 балаға арналған.

Мұнда ойын және музыка бөлмелерінен бөлек педиатр, логопед, психолог кабинеттері, сондай-ақ емдеу кабинеті қарастырылған медициналық кабинет бар.

– Бұл мекемеде инклюзивті білім беруге де жағдай жасалған. Балабақша 2023 жылдың қаңтарынан бастап толық жұмыс істейтін болады, – деді Жеңіс Қасымбек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x