Шығыста әйгілі жазушы Марат Қабанбайдың мерейтойына орай байқау жарияланды

Dalanews 01 желт. 2022 14:59 176

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана Зайсан өңірінің тумасы, балалар жазушысы Марат Қабанбайдың 75 жылдық мерейтойына орай, оқушыларға арналған облыстық әдеби шығармашылық байқау жариялады. 

Қара сөздің Қабанбайы атанған жазушының негізгі тақырыбы – балалар әдебиеті. Тіпті сол үшін «Андерсен» атындағы сыйлықтың иегері атанды.

Байқауға 7-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады. Жазушы  жерлесіміз Марат Қабанбайдың  өмірі  және  әдеби мұрасы (шығармалары) бойынша қазақ және орыс тілінде орындалған  келесі шығармашылық жұмыстар қабылданады: бейнероликтер, анимация, комикс, сөзжұмбақ (кроссворд), интерактивті онлайн-ойындар  (learningapps.org;  genial.ly; wordwall.net, Actionbound), буктрейлер, иллюстрация. (қалаған біреуін, немесе бірнешеуін жасау).

Айта кетейік, байқауға қатысушылар орындаған жұмысына тақырып қою және жазушының қай шығармасы бойынша орындағанын көрсету керек.

Әдеби шараның мақсаты – Марат Қабанбайдың  шығармашылық  мұрасын  насихаттап, оны дәріптеу һәм балаларға шығармашылық қолдау көрсету.


Қатысушылар шығармаларын 2022 жылдың 24 қарашасынан 2023 жылы 1 наурызына дейін жіберулері тиіс. Белгіленген мерзімнен кеш жіберілген жұмыстар қабылданбайды.

Жеңімпаздар 2023 жылы, 15 наурызда марапатталады. Шығармаларды кітапхананың ukcbs@mail.ru поштасына жіберу қажет.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x