Шығыста мемтілді тегін үйрететін клуб жұмыс істейді

Dalanews 14 желт. 2022 13:48 164

Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы кітапханада «Кел, сөйлейік!» - "Приходи, поговорим!" атты қазақ тілін тегін үйрететін курс жұмыс істейді.

Мемлекеттік тілді үйренгісі келетіндер үшін бұл күнделікті өмірде қазақ тілінде еркін сөйлеудің практикалық дағдыларын қалыптастыратын тамаша әрі тиімді мүмкіндік.

Үйірменің мақсаты – күнделікті тұрмыста адамдардың қазақ тілінде емін-еркін сөйлесуге үйрету. Қазір онда өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін жетік меңгерген, тіл үйретуде тәжірибесі мол Надежда Александровна Шушаникова сабақ береді.


- Қала әкімі қазақ тілін үйрететін тегін клуб ашылғанда қуана-қуана қатысқандардың бірі мен болдым. Себебі, мемлекеттік тілді әрбір қазақстандық тұрғын еркін меңгеруі керек деп ойлаймын. Бұл – біздің отанымыз, сондықтанда осы курсқа қатысып жатырмын, - дейді Фрышко Валентина Поляк және неміс этномәдени бірлестігінің өкілі.



Курс аптасына екі рет, дүйсенбі және сәрсенбі күндері сағат 17.30-дан 18.00-ге дейін өткізіледі. Ал, қатысу үшін жас мөлшері маңызды емес.


Алдағы уақытта «Кел, сөйлейік!» сынды қазақ тілі үйірмелерін Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің барлық филиалдарында ашу жоспарланып отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x