Cоңғы жаңалықтар
Back

Астанада коммуналдық қызметкерлердің айлығы көтерілді

Астана қаласының коммуналдық қызметкерлерінің жұмысын жандандыруға әкімдік айрықша көңіл бөліп келеді. Жыл өткен сайын коммуналдық қызмет саласындағы техникалар жаңарып, қызметкерлеріне айлық жалақысы өсуде. Бұл бағыттағы жұмыстар қала басшысының тікелей қадағалауында десек болады.

Елорда күннен-күнге өсіп, өркендеп келеді. Жаңа тұрғын аудандар, әлеуметтік нысандар, көшелер мен көпірлер ашылуда. Ал оның бәрін күтіп баптап ұстау ісі оңай емес. Сондықтан жыл өткен сайын коммуналдық қызмет саласының жүктеме артып келеді. Елорданың қатал қысына қарамастан, коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері кез келген ауа райында күндіз де, түнде де жұмыс істеуге әзір.

– Қаламыздағы коммуналдық қызметкерлерінің қолайлы жағдайда еңбек етуі үшін коммуналдық қызметтердің автопаркін үнемі жаңартып отырамыз. Сонымен қатар жалақы мөлшерін арттырып, қосымша сыйақы беруді де енгіздік. Мәселен соңғы жылдардың өзінде 300-ден астам арнайы техника мен жабдық сатып алынды. Осылайша, автопарк айтарлықтай жаңартылды, себебі жұмыс қызып жатқан тұста ескі техникалардың істен шыққан кезі болған, – деген еді қала әкімі Алтай Көлгінов.

«Астана Тазалық» жол жұмысшылары мен жүргізушілерінің жалақысын қараша айынан бастап 20%-ға жоғарлағанын айта кетуіміз керек (бұрын жалақы басқа санаттар үшін де көтерілген).  Әкім қалалық коммуналдық қызмет мамандарының жалақысын 2023 жылы тағы да көтерілетінін алға тартты. «Қажет болған жағдайда автопаркті ары қарай да жаңартамыз» деді Алтай Көлгінов.

Қыс мезгілінде қаланың коммуналдық қызметтері көшелерді, әлеуметтік нысандарға кірер жолдарды, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарларды, аялдамаларды тазалауға ерекше назар аударылған. Ал аудан әкімдіктері аула ішіндегі аумақтарды жинау бойынша ПИК (МИБ) жұмысын бақылайтынын айта кетуіміз керек.