Елордада қар тазалауға 2,5 мың жұмысшысы шықты

Dalanews 25 қар. 2022 07:33 255

Елордада қысқы кезеңнің басталуымен және қатты қалық қар түсуіна байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Коммуналдық қызмет жұмысшылары осы уақыт аралығындақаладан 200 мың текше метр қар шығарған.

25 қараша күні таңертең қала көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2,5 мыңға жуық жол жұмысшылары мен мыңнан астам арнайы техника шықты.

24-25 қарашаға қараған түні қаладағы коммуналдық қызметтердің күшімен 5 мың текше метрден астам қар жиналып, полигондарға шығарылды, бұл 500-ге жуық рейсті құрады.

Қыс мезгілінің басынан бастап Елордадан 200 мың текше метрге жуық қар шығарылды, бұл 15 мыңнан астам ауыр жүк көлігіне тең.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x