Елорда қыс басталғалы бері 300 мың текше метр қар шығарылды

Dalanews 29 желт. 2022 07:24 240

Соңғы күндері елордада қар көп жауды. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуге мәжбүр болған.

Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 22,5 мыңнан астам жүк көлігіне тең келетін қар шығарылған.

28 қарашада елордада қар тазалау жұмыстарына 2,2 мыңнан астам жол жұмысшысы және мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

27-28 қарашаға қараған түні қаладан шамамен 16 мың текше метр қар немесе 1297 жүк көлігі шығарылды.


Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына барлығы 300 мың текше метр қар шығарылды, бұл 22,5 мың ауыр жүк көлеміне тең.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x