Қоғамдық кеңістіктер Астананың ажарын аша түсті

Dalanews 08 желт. 2022 05:35 304

Елорданы қайта құру бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Бұл ретте "Астана – жайлы қала" мастер-жоспары аясында біраз жұмыстар атқарылғанын айта кетуіміз керек.

Астанада қала тұрғындары мен қонақтар бос уақытын жайлы әрі денсаулығына пайдалы күйде өткізе алатын жаңа тартымды орындар көптеп ашылуда. Соңғы жылдары елордада 900-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылдыү Олар – көпір асты кеңістіктер, "Театр" бульвары ("Жастар" сарайынан Музыкалық жас көрермен театрына дейін), "Demalys promenade", құтқарушылардың, мұғалімдердің, медицина қызметкерлерінің құрметіне арналған гүлзарлар, көше спорты колизейі.

Мәселен биыл қалада Бейбітшілік және келісім сарайы ауданында амфитеатр, қаланың оң жағалауында тағы бір жаяу жүргіншілер жолы, "Встреча" СҮ жанындағы қоғамдық кеңістік, "Бейбітшілік және келісім" саябағы, қалалық алаң, желекжолдар салынғанын атап айтуға болады.

Абаттандыру кезінде елді мекендерге ерекше назар аударылуда. Қазіргі таңда Астанамен іргелес жатқан елді мекендердің өзінде 300-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылған. Айталық, Көктал аумағында 16 гектарды алып жатқан саябақ салынды.

Қоғамдық кеңістіктер мен аула аумақтарында әркім өз қалауы бойынша серуен құрып, балалар баскетбол, футбол алаңдарында қалуынша ойнауына мүмкіндік жасалған. Ал workout-аймақтар, тыныш күйде демалатын мүмкінді қарастырылған. Мұнда әткеншектер, шығармашылық талантын паш етуге арналған сахналар, коньки-аймақтар бар.


2023 жылы Үркер (Ильинка), Телман елді мекендеріндегі, Ш.Айтматов көшесіндегі, Ж.Тәшенов және Т.Хусейн көшелерінің қиылысындағы, Абай даңғылында гүлзарларды абаттандыру жоспарланып отыр.

Сол сияқты Күйші Дина көшесінен Мұстафин көшесіне дейін, Жүргенов көшесі, 28/1, Қошқарбаев көшесі, 45, Қордай және Тайқазан көшелерінің қиылысында, К.Әзірбаев көшесі, 10-14 және Абылайхан даңғылының бойында саябақтарда (гүлзарлар, желекжолдар) түрлене түсетін болады.

Ең бастысы алдағы жылы елорда тұрғындары көптен күткен Кіші Талдыкөл аумағында экопарк бой көтереді. Экопарк жобасы аумақты абаттандыруды, су балансын сақтай және толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құруды көзделген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x