СҚО-да биыл автожолдарды жөндеуге бөлінген қаржы екі есеге артқан

Dalanews 14 қар. 2022 23:08 178

Солтүстік Қазақстан облысында биыл автомобиль жолдарын қалыпқа келтіруге 32 млрд теңге жұмсалған. Осылайша соңғы 5 жылдың ішінде саланы қаржыландыру шамамен 2 есе артты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

СҚО әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиевтің айтуынша, автомобиль жолдарын жөндеуге, салуға инвестиция көлемі айтарлықтай артқан. Егер 2017 жылы бұл мақсатқа 18,7 млрд теңге бөлініп, 22 автожол компаниясы тартылса, биыл 32 млрд теңге жұмсалып, 44 жол компаниясы учаскелерде еңбек етті. Нәтижесінде 626 км жол жөнделді.

– Мәселен, республикалық маңыздағы жолдың «Волошинка – Тимирязево» елді мекендері арасындағы 35 шақырым, «Көкшетау – Келлеровка» жолының 26 шақырым, «Саумалкөл – Каменный» Брод тасжолының 40 шақырым жөнге келтірілді.


Жергілікті маңыздағы жолдарға келетін болсақ, «Тайынша – Чкалово» бағытының соңғы учаскесі – 8 км қалпына келтірілді. Жалпы 80 шақырым жөнделді.

«Беняш – Надежка» ауылдарының арасында 9 шақырым, «Григорьевка – Камышлово» арасында 5 шақырым, «Саумалкөл – Казанка» арасында 6 шақырым жол күрделі жөнделді.

«Лобаново – Арықбалық – Чистополье» елді мекендерінің арасындағы 33 шақырым, «Летовочное – Келеровка» 20 шақырым, «Булаево – Куломзино» 33 шақырым, «Воскресеновка – Леденева» 23 шақырым орта жөндеуден өтті.

«Бұл жұмыстар жол уақытын қысқартып, автожолды қолданушылардың амортизацияға кететін шығынын азайтты», - деді Сәтжан Аблалиев. Келесі жылға биылдан жалпы қашықтығы 350 шақырым болатын 25 жоба қалған. Сондай-ақ, жаңадан жалпы ұзындығы 500 шақырым болатын 53 жоба қолға алынады.


СҚО әкімі орынбасарының айтуынша, елді-мекен көшелері де назардан тыс қалмайды. Биыл 52 ауылда 148 шарым жолды жөндеу жұмыстары қолға алынса, соның 106 шақырмы іске қосылды. Олар - Имантау, Антоновка, Саумалкөл, Талшық, Дәуіт, Киевское, Булаево, Возвышенка, Червоное, Бірлік, Буденное, Тоқсан би, Разгульное, Ломаносовка, Шөптікөл елді-мекендерінің тұрғындары оң өзгерісті сезінді.

Келер жылы ауыл көшелерін жөндеуге қатысты жұмыстар жалғасады, бұрын басталған 25 және жаңадан 31 жобаны аяқтау міндеті тұр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x