Петропавлға 60-қа жуық бейнебақылау камералары орнатылды

Dalanews 24 қар. 2022 21:17 202

Қазір жол бойындағы қауіпсіздікті қадағалайтын бақылау камералары, қоғамдық тәртіпті сақтап, жол ережелерін бұзушылармен күресті тәртіп сақшыларының жұмысын айтарлықтай жеңілдетуде. Таяуда Солтүстік Қазақстан облысынның орталығы Петропавл қаласын бақалау камералары орнатылып, 3 мыңнан астам жол ережесін бұзған жүргізушілер анықталған.

Бүгінде СҚО жол қауіпсіздігін бақылау полициясы ереже бұзған жүргізушілергі 22 млн теңгеның айыппұлын салған.

Жалпы өңірде соңғы бірнеше айда 60-қа жуық бейнекамера орнатылып, облыс орталығында қоғамдық тәртіпті сақтау барынша күшейтілгенін айта кетуіміз керек.

Облыста жылдамдықты анықтайтын бейнекамералар осыдан бір апта бұрын іске қосылған-ды. Ақылды техника жол ережесін бұзғандарды автоматты түрде тіркейді. Сондай жүйе қаланың кіре берісіне орнатылды.

Өйткені тақтайдай тегіс «Петропавл – Астана» жолымен зулайтын жүргізушілердің қарасы азаймай тұр.


Көктемде бұл жерде жол көлік оқиғасы болып, көлік әйелді қағып кеткен болатын. Салдарынан ол қаза тапты. Сондықтан полиция қызметкерлері мұнда бағдаршаммен арнайы камера қоюды.

60-қа жуық камераның 28-і ақпараттық – бағдарламалық кешенге жалғанған. Осыған дейін олар тесттік режимде жұмыс істеген еді. Сол кезеңнен бері бұл жерлерде бірде-бір жол көлік апаты болмаған.

Жол ережесін бұзғандарға бірден СМС хабарлама келеді. Жүргізуші оны бір апатада 50% жеңілдікпен төлей алады. Ақылды жүйе 8 күнде үш мыңға жуық жүргізушінің жол ережесін бұзғандығын анықтаған.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x