Солтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды

Dalanews 30 қар. 2022 20:37 280

Бүгін Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Петропавл қаласына келіп, Солтүстік Қазақстан облысының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысына қатысты.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының өңір әкімі лауазымына Руслан Анбаев және Айдарбек Сапаровтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді.

Дауыс беру нәтижесі бойынша 153 депутаттың 118-і А. Сапаровтың кандидатурасына дауыс берді, 35 депутат Р. Анбаевты таңдады.

Айдарбек Сейпілұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталған.

08.1984- 0.1984 – совхоз бухгалтері, Солтүстік Қазақстан облысы

09.1992-10.1995 – зоотехник- орындаушы, Калинин атындағы шаруашылықтың коммерциялық директоры, Солтүстік Қазақстан облысы

10.1995-09.2003 – директор, «Ноғайбай» ЖШС бас директоры, Солтүстік Қазақстан облысы

09.2003-02.2005 – «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары, Петропавл қаласы

02.2005-03.2006 – «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары, Петропавл қаласы

03.2006-09.2006 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының басшысы, Петропавл қаласы

03.2006-11.2006 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, Петропавл қаласы

11.2006-03.2008 – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы

03.2008-04.2010 – Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы

04.2010-09.2011 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары, Петропавл қаласы

09.2011-03.2019 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Петропавл қаласы

2019 жылдың наурызынан бері Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі қызметін атқарып келді.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x