Almaty Business бағдарламасы: Білім беру орталығының ашылуына жеңілдетілген несие берілді

Dalanews 28 қар. 2022 13:46 250

Алматы қаласында орналасқан «Kids Land» балалар білім беру орталығы балаларды мектепке және жоғары оқу орнына даярлау қызметтерін көрсетеді.

Кәсіпкер Әсем Каменева Almaty Business өңірлік бағдарламасы бойынша орталықтың ашылуына «Almaty» MFO ЖШС микроқаржы ұйымы арқылы  2%-бен 7 жыл мерзімге 61 млн. теңге сомасында жеңілдетілген несие алды.

Мемлекеттік несиенің арқасында кәсіпкер қажетті офисті сатып алып, онда жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ішін жиһазбен толтырды. Айта кету керек, 2%-дық жеңілдетілген несие тек әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ғана  беріледі.

«Қаражат алу мен үшін қиын болған жоқ. Тізім бойынша құжаттарды тез-тез жинап, тапсырдым. Мемлекеттік қолдау арқылы мен ең басты мәселені шештім.

Бұған дейін кеңсе жалдау, оның жалға алу бағасының өсуі сынды бірқатар проблемаларға тап болатынмын.


Енді ештеңеге алаңдамай, қолға алған ісімді өркендетіп, оны дамытумен айналыса аламын», - дейді «ART Capital» ЖК басшысы Әсем Каменева.

Білім беру орталығының басшысы Алматыда бизнеске жеңілдетілген несие беру бағдарламасының бар екені жөнінде қызын жұмысқа орналастыру үшін Әлеуметтік қызметтер үйіне барғанда кездейсоқ естіп қалған.

«Almaty» МҚҰ қызметі туралы біз «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының өкілі Альбина Нұрғожаевадан білдік. Әңгімелесу барысында бізге тиімді шарттармен бизнес үшін офис сатып алуға болатынын айтты. Бұл мені қызықтырды, өйткені мен сол кезде оқу орталығына офис жалдайтынмын, ал оның иесі жалдау шарттарын жиі өзгерте беретін.

Ерекше атап өтетін жайт - менеджерлердің сыпайылығы мен білімділігі. «Almaty» МҚҰ қызметкері Ержан әрдайым байланыста болды. Барлық сұрақтарға түсінікті етіп, мұқият жауап берді», - дейді кәсіпкер.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x