Алматыға құйылған инвестицияның 70 пайызын шағын кәсіпорындар қамтамасыз етуде

Dalanews 18 қар. 2022 05:36 123

2022 жылдың 9 айында Алматы қаласының негізгі капиталына салынған инвестиция 22,1%-ға өсіммен 974 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 



Экономикалық зерттеулер институтының мәліметтері бойынша, республикадағы инвестиция өсімі небәрі 7 пайызды құрайды.


Қаланың инвестиция үшін ең тартымды секторлары «жылжымайтын мүлік операциялары» (тұрғын үй құрылысы) және «көлік және қойма шаруашылығы» болып табылады, оларға барлық қалалық инвестициялардың шамамен 61%-ы бағытталды.


Экономистердің пікірінше, дәл осы салалар өсудің драйверлері болып табылады. Осылайша, жылжымайтын мүлік операцияларына салынған инвестиция 352-ден 456 миллиард теңгеге, көлік пен қоймаға 91 миллиард теңгеден 143 миллиард теңгеге дейін өсті.


Егер бірінші бағыт бойынша өсім қалада тұрғын үй құрылысы қарқынының 11%-ға дейін ұлғаюымен қатар жүрсе (2022 жылдың 9 айында Алматыда 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды), онда көлік және қоймалар, өсім жолдарды және әуежайды жөндеу жұмыстарына салынған инвестициямен ақталды, – дейді мамандар.


Сонымен қатар, білім беру саласына инвестицияның айтарлықтай өсуі байқалады – орта және жоғары білім беруге, көтерме және бөлшек саудаға инвестициялардың өсуі есебінен.


Бұл ретте қала инвестициясының 70 пайызы инвесторлар мен кәсіпкерлердің жеке қаражаты есебінен тартылып, 9 айда 35 пайызға – 500-ден 677 миллиард теңгеге дейін өсті.



Мемлекеттік бюджеттен тартылған инвестиция 28 пайызға өсіп, 157 миллиард теңгені құраса, қарыз қаражаты небәрі 8 пайызға өсіп, 140 миллиард теңгеге жеткен.


Қала инвестициясының 71 пайызын шағын кәсіпорындар қамтамасыз етіп, оның негізгі капиталына салынған инвестиция 57 пайызға өсіп, 688 миллиард теңгені құрады.


Қаланың ірі кәсіпорындары инвестиция көлемін 83 пайызға ұлғайтып, 220 миллиард теңгеге, ал орта кәсіпорындар 31 пайызға өсіп, 66 миллиард теңгеге жетті.

Сондай-ақ ERI 4 жыл ішінде оңтүстік астанаға салынған инвестиция екі есеге өскенін атап өтті: 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі 489 миллиард теңгеден 2022 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 974 миллиард теңгеге дейін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x