Cоңғы жаңалықтар
Back

Астанада Димаштың қатысуымен BIZ BIRGEMIZ Fest қайырымдылық фестивалі өтеді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, яғни 14 желтоқсан күні балалар жылы аясында елордалық «Барыс Арена» спорт кешенінде BIZ BIRGEMIZ Fest ауқымды қайырымдылық фестивалі ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты BIZ BIRGEMIZ Fest Qazaqstan ҚҚ сілтеме жасап.

BIZ BIRGEMIZ Fest ерекше қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық өмірге тарту үшін тиісті жағдай жасау мақсатында өткізіледі.

Билеттерді сатудан түскен барлық қаражат церебральды сал ауруы диагнозы қойылған балаларды оңалту орталығына қажетті медициналық жабдық сатып алуға жұмсалады.

Фестиваль барысында демеушілер тарапынан пәтер кілті екі көпбалалы аз қамтылған отбасыға беріледі.

Фестиваль мүмкіндігі шектеулі және мүгедек шығармашылық дарынды балалар мен жастарды, қазақстандық эстрада жұлдыздарын, меценаттарды, елорда тұрғындары мен қонақтарын біріктіреді.

Ұйымдастырушылар – Biz birgemiz Qazaqstan қоғамдық қорының ақпараты бойынша іс-шара қазақстандық эстраданың танымал жұлдыздары үшін де, ерекше әртістер үшін де барлық дарынды адамдар үшін тең мүмкіндіктер ұсынылатын алаңға айналады.

Кеш барысында Димаш Құдайберген, Nazima, Кенжебек Жаңабилов (МузАрт), Тамара Асар, Mans&Koba, Mona Songs, ALPHA, AYREE, Данияр Өтеген (Rin ‘ Go), Қазыбек Құрайыш, Бағжан Октябрь, Еркеш Хасен, Ақтоты Болшова, Әлішер Қонысбай, Севда Әлиева, Алтыншаш Мұқатаева, Кенжебек Нұрдолдай, “Қарақат” мектеп-студиясы, “SENSITIVE” орындаушылық өнер Әлем чемпионатының Гран-При иегерлері сынды танымал қазақстандық орындаушылар өнер көрсетеді.

Тағы оқыңыз:

Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымының дамуына қандай күш ықпал етеді? – Huawei Kazakhstan СЕО басшысы Чжао Сюй

«Немістің банкін басқарып, мал баққан». Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды