ШҚО-да жиын-терін сәтті аяқталды

Dalanews 02 желт. 2022 14:22 172

Шығыс Қазақстан облысындағы егін жинау науқаныны қорытындыланды. Шаруалардың төккен тері, еткен еңбегі ақталды десек болады. Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Диляра Жылқайдарова ханым күзгі жиын-теріннің ойдағыдай аяқталғанын мәлімдеді.

Сонымен биыл ШҚО-да 639,6 мың гектар жерге егілген егінін еңбек адамдары шашпай-төкпей жинап алғаны мәлім болды. Егінжайлардың 284,7 мың гектарын дәнді-дақылдар мен бұршақ құраса, 209,4 мың гектарға майлы дақылдар, 11,63 мың гектарға картоп, 4,5 мың гектардан өзге де көкөністер жиналып алынған.

Ағымдағы жылы егін жинау жұмыстарын табысты жүргізу үшін ҚР Энергетика министрлігі облыс шаруашылықтары үшін 17,8 мың тонна дизель отынын бөлгенін де айта кетуіміз керек. Бұдан басқа күнбағыс тұқымын кептіруге қосымша тағы 3,2 мың тонна дизел отыны бөлінген

Ал  топырақ құнарлығын арттыру мақсатында облыс шаруашылықтары минералды тыңайтқыштардың барлық түрінен 26 мың тонна сатып алғанын Диляра Жылқайдарова алға тартты.

– Биыл облыс аграрийлері дәнді, дәнді-бұршақты дақылдар мен картоптың тұқымымен толық қамтамасыз етілді. Жыл сайын майлы және жем-шөп дақылдары бойынша аздаған жетіспеушіліктің орын алуына байланысты, өзге облыстардан тұқымдар алдырдық. Ағымдағы жылы ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы тұқым шаруашылығын қолдау аясында 1 млн теңгеден астам сомаға 4,5 мың тонна тұқымды және пестицидтердің құнын арзандатуға 1018 млн теңгені құрайтын субсидия бөлді, – деді спикер.

Сонымен қатар жиын-теріннен кейін ауыл шаруашылық өнімдері ысырап болмасы үшін, жаңа дақылды бастапқы өңдеу және сақтау үшін шаруалар облыс аумағындағы 209 механикаландырылған токтар мен 5 лицензияланған элеваторларға орналстырған.

Қолданыстағы элеваторлар, астық қабылдау орындары және шаруалардың жеке меншік қоймаларында 1 миллион тоннаға жуық астық сақтауға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, материалдық-техникалық құралдар мен техниканың қажетті мөлшерінің болуы өңірдің агроқұрылымдарына егін жинау жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізуге мүмкіндік берген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x