ШҚО-да Қабанбай батырдың 330 жылдығы жоғары деңгейде өтті

Dalanews 02 желт. 2022 14:06 236

Шығыс Қазақстан облысы еліміз үшін киелі мекен десек болады. Мәдениет саласы жан-жақты даму үстінде. Көптеген Мәдените үйлері жөнделіп, пайдалануға берілуде. Айталық, соңғы үш жылда Шығыс Қазақстан облысында 1 млрд 802 млн теңге сомасына 4 жаңа мәдениет нысандары бой көтерген. Олар Глубокое ауданының орталығы Глубокое ауылында Абай атындағы 300 орындық мәдениет үйі, Ұлан ауданының Бестерек ауылында музей, Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылында 150 орындық Мәдениет үйі, Катонқарағай ауданының Топқайың ауылында 80 орындық ауылдық клуб.

Сонымен қатар ескірген 6 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіленін де айта кетуіміз керек. Жалпы облыста 169 клубтық мекеме, 170 кітапхана, 6 музей, 1 театр жұмыс істейді. Бұдан басқа облыс аумағында 321 ескерткіш бар, оның 8-і республикалық, 313-і жергілікті маңызы бар ескерткіштер қатарында.

Биыл өңірде  қазақ тарихында есімдері алтын әріппен жазылған тұлғалар Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, сондай-ақ, Мәжит Бегалин, Мәншүк Мәметова, Төлеген Момбеков, Ізғұтты Айтықов, Айткеш Толғанбаев сынды жандардың мерейтойлары кең көлемде атылып, өскелең ұрпаққа насихаттау үшін бір қатар бұқаралық, танымдық іс-шаралар өтті.

Шалғайдығы елдімекен мен аудан, ауыл, қалаларда «Ұлттық Рухани Жаңғыру» және «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын іске асыру аясында театрлар мен концерттік ұйымдар облыс көлеменді гастрольдік турлар өткізіп, өнерге сусап қалған жұртқа рухани ләззат сыйлады.

Өңірдегі өнер, мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстардың тізбегін ШҚО мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов былай жалғастырды.

– Мәселен биыл даңқты қолбасшы Дарабоз Қабанбай батырдың 330 жылдығына орай Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында мәдени-маңызды іс-шара ұйымдастырылып, кең көлемде аталып өтті. Ал «Ертіс концерт» концерттік ұйымы соңғы 10 айдың қорытыныдысы бойынша 60-тан астам іс-шара өткізген. Ағымдағы жылы облыстық драма театрында 232 спектакль қойылып, көрермендердің алғысына ие болды.


Айта кету керек, биыл 5 жаңа қойылымның премьерасы өтті. Бізде облыста 6 музей жұмыс істейді. Музей қоры 330,9 мың экспонатты құрайды. Биыл музей қоры 2,6 мың экспонатпен толықтырдық. Соңғы мәліметтер бойынша өңірдегі музейлерге келушілердің саны – 493,7 мың адамды құраған. Ал жыл бойы облыс мұражайларымен 600-ден астам іс-шара өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжатайұлы археология саласына ерекше көңіл бөлуде. Нәтижесінде өңірде археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасын іске асыру жалғасын табуда. Ағымдағы жылы қазба жұмыстары қола дәуірінен ерте сақ дәуіріне дейінгі өтпелі кезеңдегі қоныс Ақбауырда, ежелгі түркі уақытын қамтитын Елеке сазында, Күршім ауданындағы Ақжайлау қонысында, Берелде үлкен жұмыстар жүруде. Бұл – жобаларға Қазақстанның белді археологтары Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев жетекшілік етуде, – дейді Нұрболат Ахметжанов мырза.

Облыста 2018 жылдан бері қолға алынған игі бастаманың бірі, Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасын насихаттауға бағытталған «Абай әлемі»  кітаптар сериясымен әдеби жоба жүзеге асырылуда. Мақсаты – өңірдегі ақын-жазушылардың бай мұрасын кеңінен насихаттау.

Көптеген дүние бұрын еш жерде жарық көрмеген. Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтің шығармалары кеңінен дәріптелуде. Сонымен қатар жас ақын-жазушылардың еңбектері де жарыққа шығуда.

Айталық, 2018-2022 жылдар аралығында таралымы 53 мың данаға жуық, 69 кітап шыққан. Ағымдағы жылы 6,5 мың дана таратылыммен 13 кітап оқырманға жол тартқанын айта кетуіміз керек.


Ал өңірдегі оқырмандардың сұранысын қанағаттандыру үшін биыл облыстағы кітапханалар 5431 жаңа кітаптармен толықты. Жалпы аймақта барлығы 170 кітапхана жұмыс істейді, кітап қоры 3 миллион дананы құрайды.

Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі  алаңында өткен брифингте мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов келер жылыда өнер, мәдениет саласында үлкен жұмыстар атқарылатынын да атап өтті. «2023 жылы Ұлан ауданы Асубұлақ кентіндегі ауылдық клуб ғимаратына, Шемонайха ауданы Верх-Уба ауылының мәдениет үйіне, Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратының жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 208,5 млн. теңгеге көлемінде қаржы қарастырылған» – деді Нұрболат Қадырұлы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x