Қаңтар трагедиясы туралы 5 сериялы фильм түсірілді (видео)

Dalanews 30 қар. 2022 08:21 315

«Қайғылы Қаңтар: Бүлікке дейін...» фильмінің бірінші бөлімі бейсенбіде сағат 18:20-да эфирге шығады. 

Almaty.tv журналистік зерттеу жанрындағы бұл авторлық фильм Алматыдағы қаңтар оқиғасының хронологиясын егжей-тегжейлі қалпына келтіріп, әр түрлі болжамдар мен қауесеттен тыс, оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын көрсетуге тырысады.

Бүкіл ел үшін үлкен сынаққа айналған трагедия туралы бес бөлімді фильмнің алғашқы бөлімінде эксклюзивті сұхбат және жұртқа беймәлім фактілер беріліп, ең бастысы – қантөгіске айналған бүлік пен жаппай тәртіпсіздік хронологиясы қайта жаңғыртылды.

Көрермен қатысушылар мен куәгерлердің айтуы бойынша қайғылы қаңтардың қалай басталғанын, не болғанын, бүлікшілердің әкімдік, әуежай және полиция департаментін қандай мақсатпен басып алғысы келгенін біледі. Журналистер елде дүрбелең болғаны кімге пайдалы болғанын, мемлекет тұтастығы қалай сақталып қалғанын түсіну үшін оқиғаларға сараптама жасады.

Бейсенбіде «Алматы» телеарнасынан «Қайғылы Қаңтар: Бүлікке дейін...» фильмінің бірінші бөлімі көрсетіледі.

Караңыздар! Фильмді сондай-ақ YouTube арнасынан да көре аласыздар.

 

https://youtu.be/mL8nhVDj-Os

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x