Шығыста өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан тұлғалардың еңбегі ескерілді

Dalanews 24 қаз. 2022 09:56 162

Шығыс Қазақстан облысында Президент Тоқаевтың жарлығымен, Республика күні мерекесіне орай аймақ дамуына айрықша үлес қосқан бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды.

Облыс басшысы Даниал Ахметов ауыл шаруашылық,білім, спорт, өндіріс, өнеркәсіп саласының үздіктерін құттықтап, ең жоғарғы марапаттарды табыс етті.

Өз ісінің шеберлері қандай болсын құрметке лайық дейді ұйымдастырушылар. Өйткені олар кейінгі ұрпаққа «табысты адамның құпиясы» тек еңбекқорлықта екенін көрсететін нағыз майталмандар.

42 жыл ғұмырын омарташылыққа арнап келе жатқан Валерий Қасымбаев үшін бүгінгі күн ерекше басталды. Құрмет орденімен марапатталды.

Өлкенің басты омарташысы​ бал экспортын жолға қойған негізгі өндірушілердің бірі. Қарапайым жұмысшыдан бастап белді кәсіпкерге дейінгі көтерілуінің​ еш құпиясы жоқ,тек талмай еңбек ете білді. Енді төккен терінің жемісін көруде.

" Бұл награда​ бізге ​ үлкен жауапкершілік жүктеп отыр деп санаймын. Сондықтан әлі де қарқындай түсуіміз қажет. Отанымыздың қарыштап​ дамуы үшін ​ талмай еңбек ете бермекпіз", – дейді ҚР Омарташылар қауымдастығының төрағасы Валерий Қасымбаев.

Өз кезегінде Ержан Дүсіпов болса мал шаруашылығын ұршықша иірген азаматтардың бірі. Қазір білгенін бала шағасына үйретіп, әлі де шаруаның шетінен қалмай келеді. Себебі мал баққанға бітетінін жақы түсінеді. Марапатты елу жылғы еңбегінің еленгені деп түсінеді.



"Кіндік кескен жерім – Самар​. Сол самарда бүгінгі күні​ 70-ке келіп отырмын, көзімді ашқалы тек шаруашылықпен айналысып жүрмін. Енді бүгінгі күні Үкіметтен орден алғаныма сондай қуаныштымын", – деді ол.

Салтанатты жиында қала тазалығына үлес​ қосып жүргендер де, білім, спорт, журналистика, жеңіл өнеркәсіп ​ саласының үздіктері де ұмыт қалмады. Олар «Құрмет» орденімен қатар, «Үшінші​ дәрежелі Еңбек даңқы», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат», Құрмет грамотасы сынды марапаттарға ие болды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x