70-ке жуық компания Алматыдағы "Индустриалды" теміржол станциясының ашылуын күтуде

Dalanews 12 қаз. 2022 15:01 296

Алматының индустриалды аймағында қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша «Индустриалды» теміржол станциясын пайдалануға беру үшін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Бүгінде ағаш шпалдарды (0,39 км жол бөлігінде), темірбетон шпалдарды (548 дана), жауын-шашын жинақтағышының бетон плиталарын және бағыттамалы бұрмаларды бөлшектеу жүргізілді, темір жолдармен және жауын суы жиналатын жердің астынан  су ағатын орындарды тығыздау бойынша жұмыстар жүргізілді, 3,6 га аумақ қураған шөптерден тазартылды.

Қалпына келтіру жұмыстары аясында темірбетон және ағаш шпалдарды ауыстыру (2 700 дана), ұзындығы 8,5 км темір жолдарды теңгерімдеу, бағыттамалық бұрмаларды жөндеу және т.б. қарастырылған. Теміржол станциясын іске қосу жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.



Жеке теміржол станциясы индустриалды аймақ инфрақұрылымының негізгі объектісіне айналады.

Ірі логистикалық орталық – «Боралдай»  теміржол станциясына шығу үшін оның ұзындығы 8 км құрайды.


Индустриалды аймақтың резидент компаниялары темір жолдарға жанасуға тиісті техникалық шарттарды алды. Тасымалданатын жүктердің күтілетін көлемі жылына шамамен 1,8 млн тоннаны құрайды.

Алматының индустриалды аймағының жалпы ауданы-490 гектар, оның 326 гектары инвестициялық жобаларға, 164 гектары инфрақұрылымға бөлінген.

Бүгінде Алматының индустриалды аймағында инвестиция көлемі 270 млрд теңгеге 70 компания тіркелген. Олар жалпы  құны 120 млрд теңге болатын 20 жобаны іске асырды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x