Мемлекеттік жекеменшік әріптестік: Алматыдағы "Литва наны" наубайханасының ерекшелігі неде?

Dalanews 30 қаз. 2022 10:46 155

Алматының шығысына қарай Құлжа тас жолымен жолға шыққан жандар әуежай айналмасы тұсында нан өнімдерін сататын дүкен пайда болғанын байқайды. «Литва наны» деген жазуы мен мұндалап тұратын бұл шағын ғимарттағы өнімдер несімен ерекше?

«AS MARKET» жеке серіктестігінің бұл наубайханасы мен кондитерлік цехында нан мен десерт үшін кезекке тұратын адам аяғы үзілмейді.

Иесі Сулейманов Расул кәсіпорынды 2005 жылдың маусым айында ашқан.

Соңғы уақытта салауатты өмір салтына көшкен жұрт қарасы көп екенін байқаған кәсіпкер өнімдер ассортиментіне жарылмаған дәннен пісірілген, кебек, зығыр, күнжіт және басқа да пайдалы дәндер қосылған нан пісіруді де жолға қойды.

Он жылдан бері сан алуан нан түрін пісіріп келе жатқан цехта әлемдік өндірушілердің жабдығы орнатылған.

Сапа қауіпсіздігі стандарттары енгізілген, Халал сертификатына ие. Франциядан әкелінген, ерекше тефлон қабатты қалыптар пайдаланылады.

Кәсіпорынға құрал-жабдық сатып аларда Расул Тельманұлы кеңес алу үшін «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығына хабарласып, «Даму-Аймақтар ІІІ» бағдарламасы аясында 13,5%-бен несие алды, оның 7,5%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.


«Жобаларымызды жүзеге асыруға мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай көмек отандық тауар өндірісі мен қызмет көрсету саласын дамытып, қазақстандықтарды сапалы әрі қолжетімді өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кәсіпкер құрал-жабдықтарын жаңарту арқылы дамып, өнім түрлерін де көбейте алады. Жаңа жұмыс орындары ашылып, бюджетке түсетін салық артады», - дейді Расул Сулейманов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x