"Жаңа Қазақстанның тірегі". Алматылық кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілер жойылады

Dalanews 22 қаз. 2022 10:11 129

Мемлекеттік қайта тіркеу кезінде кездесетін әкімшілік кедергілер жойылды. Енді Алматы қаласының кәсіпкерлері үшін бизнесті қайта тіркеу жеңілдетілді, деп хабарлайды қалалық прокуратура.

Алматының кәсіпкерлері бұдан былай құжатты қайта жинап, тапсырып әуре болмайтын болды.

Ведомствоның хабарлауынша, бұрын кәсіпкер құжаттағы болмашы қате үшін үш күн немесе одан да көп уақыт жұмсайтын еді.

"Алматы қалалық прокуратурасы, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы және "Азаматтарға арналған үкімет" құжат тапсыру мерзімін қысқартты, енді ары кетсе үш күннен жеті күнге дейін уақыт қажет болады", – делінген хабарламада.

Жыл сайын аталмыш мемлекеттік көмекті алу үшін мыңдаған кәсіпкер азаматтарға арналған үкіметке жүгінетіні айтылған.

Заңды тұлғаларды қайта тіркеу барысында кәсіпкерлер қандай мәселелерге тап болатынын прокурорлар анықтады.

"Егер кәсіпкерлік құжатында қате табылса, онда қайта тіркеуге рұқсат берілмейтін еді. Прокуратура бұл мәселені жан-жақты қарастырып, бизнесті қайта тіркеуден бас тартпай, құжаттарды толықтыруға жіберу керек деп шешті.

Жаңа Қазақстанның экономикасының негізгі тірегі орта тап өкілдері.


Елдегі кіші және орта бизнес жаңа жұмыс орындарын қалыптастырып, кәсіпкердің туыстары мен жақындарына дамуға мүмкіндік береді", – дейді ведомство өкілдері.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x