Back

Астанада тіркеуде жоқ азаматтар үшін 23 сайлау учаскесі ашылды

Қазақстанда 2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Астанада сайлау күні қалада тіркеуде жоқ азаматтар дауыс бере алатын 23 учаскенің тізімі жарияланды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сайлаушылардың осы санатына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері көмек көрсететін болады. Мұнда әртүрлі себептермен тіркелмеген адамдар өз құқығын пайдаланып, дауыс бере алады. Осы мақсатта аталған учаскелерде бір күндік тіркеу жүргізіледі. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары тіркеусіз-ақ өздерінің азаматтық борышын орындауға және ел өміріндегі маңызды оқиғаға өз үлесін қосуға мүмкіндігі бар.

Ол үшін азаматтардың осы санаты сайлау учаскесіне сайлау күні келіп, сол жерде бір күнге тіркелуі тиіс.

Мұндай толықтыру Үкіметтің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы «Ішкі мигранттарды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына енгізілген болатын. Онда тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған адамдарды сайлау күні, сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша ғимаратта немесе үй-жайда тіркеуге мүмкіндік берілетіні айтылған.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада сайлау күні 406 сайлау учаскесі ашылады. Сіз өзіңіздің учаскеңізді sailau.astana.kz сайты арқылы, Smart Astana мобильді қосымшасы, Telegram чат-ботына кіру арқылы немесе iKomek байланыс орталығына 109 нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы біле аласыз. Айта кетейік, елордада 20 қараша күні автобустарда жол жүру тегін болады.

 

Тіркеуде жоқ азаматтарды тіркеуге арналған Астана қаласындағы сайлау учаскелерінің тізімі

 

Республикалық маңызы бар облыстың/ қаланың атауыРеспубликалық маңызы бар облыс / қаладағы аудан орталығыМекенжай (көше, үйдің нөмірі)Нысанның атауы (мектеп, мәдениет үйі, мемлекеттік мекеме және т.б.)
1Астана қаласыАлматы ауданы7А. Петрова көш, № 8№ 28 мектеп-лицейі
2Астана қаласыАлматы ауданы19Күйші Дина көш, № 44/3№ 37 Сырбай Мәуленов атындағы мектеп-лицейі
3Астана қаласыАлматы ауданы25Бурабай көш, № 38№ 52 Бейімбет Майлин атындағы мектеп-гимназиясы
4Астана қаласыАлматы ауданы29Промышленный елді мекені, Шарбақты көш, № 46№ 57 Мәшхүр Жүсіп атындағы орта мектеп
5Астана қаласыАлматы ауданы42Қарқабат көш, № 17№ 53 Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицейі
6Астана қаласыАлматы ауданы60№ А-191 көш, № 2№ 73 мектеп-лицейі
7Астана қаласыБайқоңыр ауданы70М. Ғабдуллин көш, № 7№ 10 Ж. Тәшенев атындағы мектеп-гимназиясы
8Астана қаласыБайқоңыр ауданы95Ж.Досмұхамедұлы көш, № 2№ 55 орта мектеп
9Астана қаласыБайқоңыр ауданы335С.Сейфуллин көш, № 50№ 8 мектеп-лицейі
10Астана қаласыЕсіл ауданы116Исатай батыр көш, № 141№ 69 мектеп-гимназиясы
11Астана қаласыЕсіл ауданы129 Е11 көш, № 8№ 78 мектеп-гимназиясы
12Астана қаласыЕсіл ауданы113 Д. Қонаев көш, № 33/1№ 66 мектеп-лицейі
13Астана қаласыЕсіл ауданы406 № 38 көше, № 40а«Binom school» мектеп-лицейі
14Астана қаласыЕсіл ауданы106 Пригородный елді мекені,
Арнасай көш, № 127
№ 24 орта мектеп
15Астана қаласыСарыарқа ауданы198Алмалық көш, 1«Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК
16Астана қаласыСарыарқа ауданы190Карталинская көш, 62№20 мектеп-гимназиясы
17Астана қаласыСарыарқа ауданы191Карталинская көш, 62№20 мектеп-гимназиясы
18Астана қаласыСарыарқа ауданы203«Көктал-2» елді мекені, Құсмұрын көш, 2№ 68 М. Дулатұлы атындағы мектеп-гимназиясы
19Астана қаласыСарыарқа ауданы204«Көктал-2» елді мекені, Құсмұрын көш, 2№ 68 М. Дулатұлы атындағы мектеп-гимназиясы
20Астана қаласыСарыарқа ауданы348«Көктал-2» елді мекені, Құсмұрын көш, 2№ 68 М. Дулатұлы атындағы мектеп-гимназиясы
21Астана қаласыСарыарқа ауданы172Ы. Дүкенұлы көш, 29«Тұран-Астана» университеті
22Астана қаласыСарыарқа ауданы173Ы. Дүкенұлы көш, 29«Тұран-Астана» университеті
23Астана қаласыСарыарқа ауданы409№187 көш, № 17«Дарынды қыздарға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты»,

 

 

Алматы әкімі Халықаралық қаржы корпорациясының өкілдерімен кездесті