Алматы әкімдігі қашан қалпына келтіріледі?

Dalanews 20 қаз. 2022 12:33 192

Алматыда қаңтар оқиғасынан кейін бүлінген қалалық әкімдіктің жөндеу жұмыстары наурыз айында аяқталады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жиынға қатысқан тұрғынның бірі әкімнен жаңа алаңдағы ғимарттардың қашан қалпына келтірілетінін сұраған.

«Қалалық әкімдік пен Президент резиденциясының орнында қандай да бір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын көреміз. Неге Сәтбаев пен Назарбаев көшелерінің қиылысындағы ғимарат әлі сол күйі түр? Білуімше, ол нысанда бұрын телеарналар жұмыс істеген. Жалпы жаңа алаңды қашан толығымен ретке келтіреді?» - деді Алматы қаласының тұрғыны.

Әкім қалалық әкімдіктің жөндеу жұмыстары нақты қашан аяқталатынын айтты.



«Резиденцияны сүру жұмыстары аяқталды деуге болады. Онда жаңа қалалық үлкен саябақ болады. Дүйсенбі күні Мемлекет басшысына саябақтың концепциясын көрсеттім. Ал қалалық әкімдіктің жөндеу жұмыстары наурыз айының соңына қарай тәмамдалады деп күтіп отырмыз. Ал жаңа сіз айтқан ғимаратқа келсек, бұл жекеменшіктегі нысан. Сондықтан ғимараттың қожайындары алаңдаушылық білдіріп, ретке келтіреді деп ойлаймын»,-деді Ерболат Досаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x