Алматы қаласы жылыту маусымына дайын

Dalanews 07 қаз. 2022 12:25 168

Алматы қаласының білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй қоры объектілері жылыту кезеңіне 100% дайын, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

«Коммуналдық қызметтер жылыту маусымына дайындықты биылғы мамыр айында бастады, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді. 413 білім беру, 129 денсаулық сақтау объектісі және 8 476 тұрғын үй қоры нысаны дайындалды. «Алматыжылужайэнерго» ЖШС қазандықтарында көмір мен мазуттың қоры 100% құрайды. Ал «АлЭС» АҚ (ЖЭО-1,2, БЖК) энергия көздерінде көмір қоры – 118% және мазут – 118%.

Сондай-ақ ағымдағы және жоспарлы жұмыстар орындалды, оның ішінде тозуды төмендету мақсатында қолданыстағы желілер реконструкцияланды», - делінген қала әкімдігі мәліметінде.

Ережеге сәйкес, қаланы жылу жүйесіне қосу сыртқы ауа температурасы +8°С және одан төмен болғанда бес тәулік ішінде жүргізіледі.


Бірінші кезекте жылуға денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары және өзге де әлеуметтік объектілер қосылатын болады. Кейін жылу көппәтерлі тұрғын үйлерге беріледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x