Тоқаев тапсырмасы: Алматыда 3 мыңнан аса бейнекамера орнатылады

Dalanews 28 қаз. 2022 14:05 214

Алматы әкімі Ерболат Досаев Президент тапсырмасына сәйкес, биыл қалада қосымша 3050 бейнекамера орнатылатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде қала тұрғыны «Елисей алаңы» тұрғын үй кешені бейнебақылау жүйелерін орнату бағдарламасына енгенін, алайда, тиісті 35 камераның орнына тек 2 бейнекамера бөлінгенін айтып, мәселені шешуді сұрады.

Ерболат Досаев «Елисей алаңы» тұрғын үй кешені қауіпсіздігі нашар жер емес екенін айтты.

«Бізде тіпті жарығы жоқ көшелер бар. Бұл мәселені 2023 жылға дейін шешуді ниет етіп отырмыз. Бейнекамера бойынша кезең-кезеңімен алға жылжимыз. Наурызбай ауданы бойынша бейнекамераларды полиция департаменті қажет деген жерге ең бірінші кезекте орнатамыз.

Жалпы, Президент тапсырмасына сәйкес, биыл Алматыда қосымша 3050 бейнекамерасын орнатамыз.


Келесі жылы олардың санын ұлғайтпақпыз. Ол үшін бейнемониторинг жүйелерін сатып алуға қосымша қаражат қарастырылады»,- деді Ерболат Досаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x