Түркістанның 393 көшесіне жарықшамдар орнатылды

Dalanews 05 қаз. 2022 07:37 178

Түркістан қаласы аумағындағы 393 көше жарықтандыру жүйесімен қамтылып, жалпы жарықтандырылған көшелер үлесімен есептегенде 44,9%-ды құрады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Түркістан қаласы аумағында 176,4 шақырымды құрайтын 142 көшеге жарықтандыру жүйесінің құрылысы жүргізілді. Оның қазіргі уақытта 123,1 шақырымды 93 көшесі толығымен іске қосылған.

Қазіргі уақытта қалған, 53,3 шақырымды құрайтын 49 көшені жарық көзімен қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-імен бірлесе техникалық шарт әзірленіп жатыр.

Нәтижесінде, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесі 61,1%-ға жетеді.


Сонымен қатар, 2023 жылдың соңына дейін қосымша 223 көшеге жарықтандыру жүйесін жүргізу жоспарлануда.

Жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары «Бірлік» тұрғын алқабына қарасты 33 көшеде жүзеге асырылуда.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x