Қасқасудың жол жөнделді

Dalanews 05 қаз. 2022 07:30 302

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-93 «Қасқасу-Кеңесарық-Майбұлақ» автомобиль жолының 1,65 шақырымы жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары барысында ескі асфальт жабындысы толықтай жаңартылып, қауіпті аймақтарға 250 метр қашықтықта арнайы темір жолақтар орнатылды. Сондай-ақ, елдімекеннің ішіне 2 жақтама аяқжол салынып, 55 дана жарықтандыру шамдарымен қамтамасыз етілді.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жөндеу жұмыстарын мердігер «Достық Спец Транс» ЖШС жүргізген. Атқарылған жұмыстардың сапасы тиісті мекеме тарапынан тұрақты бақылауда болды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x