Cоңғы жаңалықтар
Back

Жетісу облысында қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында үш жақты меморандум жасалды

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Манап Қ.Т., Жетісу облысы әкімінің аппаратының басшысы Егінбаев Н.Ж. және Жетісу облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Тұрсынбай Ғ.Т. өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастықтың мақсаты:

  1. Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және Мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимыл;
  2. Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің бұзылған құқықтарын қорғау, қалпына келтіру;
  3. Жетісу облысының аудандандық/қалалық жергілікті атқарушы органдары Әдеп жөніндегі уәкілдерінің жұмысын жандандыру болып табылады.

Сонымен қатар, меморандум шеңберінде негізгі нысаналы индикаторлар арқылы Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдары  Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметін бағалаудың өңірлік әдістемесі бекітілді, енді тоқсан сайынғы негізде олардың қызметін бағалау бекітілген түйінді нысаналы индикаторлар негізінде жүргізілетін болады.

Түйінді нысаналы индикаторлар- Әдеп жөніндегі уәкілдері қызметінің тиімділігін анықтайтыны сөзсіз.