Саумалкөл ауылында спорт кешені ашылды

Dalanews 09 қыр. 2022 11:14 160

Солтүстік Қазақстан облысындағы Саумалкөл ауылында су жаңа спорт кешені халықтың пайдалануына берілді. Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған нысанды салуға «Самрұқ Қазына» қоры қолдау көрсеткенін айта кетуіміз керек, – деп хабарлайды Dalanews.kz СҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт кешенінде ересектер мен балалар спорттың неше түрімен айналысып, денсаулығын нығайтуға барылық жағдай жасалған. Айталық, спорт залы бокс, күрес, үстел теннисі, баскетбол, волейбол және кіші футболмен айналысуға кеңінен мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта спорт кешіне ішінен түрлі секциялар ұйымдастырылып, ауыл жастарын спортқа баулу көзделініп отыр. Осы ретте нысандағы жаңа манеж аудандық және облыстық деңгейде жарыстар ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін де айта кетуіміз керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті билік орындардың ауылдық елдімекендерде спорттық инфрақұрылымдардың дамытып, халықтың спортпен айналысуына мүмкіндік туғызуды тапсырған болатын. Саумалкөл ауылында Президенттің сол тапсырмасы іске аасқанын байқауға болады. Бүгінде өңірде 6 спорт кешені ашылып, тағы 4 кешеннің құрылыс жүруде. Бұдан басқа Солтүстік Қазақстан облысында 6 хоккей корты ашылған. Дәл қазір тағы екі хоккей кортының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x