Cоңғы жаңалықтар
Back

«AMANAT»: партия теңбіл доп бәсекесін ұйымдастырды

Дені сау ұрпақ – мемлекеттің басты байлығы. Осы ретте Мақтаарал ауданында “Қыл өтпестей татулықты, бір ашуға сатпайық” ұранымен серіппеге тартылудан және шағын футболдан жарыс өтті. Сайыс «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының ұйымдастыруымен өтті.

Спорттық доданың ашылу салтанатына қатысқан аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Б.Асанов, партияның Мақтаарал және Жетісай аудандық филиалдарының Атқарушы хатшылары Д.Асабаев және Ә.Асауов, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті ардагерлер сайысқа қатысушыларға сәтттілік тіледі. Шағын футболдан сайысқа 2 кент пен 9 ауылдық округтен келген 22 команда қатысты.

Теңбіл доп бәсекесінің қорытындысы бойынша “Әзімбай ата” командасы жеңімпаз атанса, екінші орынды “Хайдар ата” командасы иеленді. Ал, Жантақсай ауылының жастарынан құралған ұжым үшінші орынға табан тіреді.  Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Аудан аумағында партия филиалының қолдауымен мұндай спорттық бәсекелер алдағы уақытта да жалғасын табады.