Жақсы дәстүр: Астанада "Мектепке жол" акциясы басталды

Dalanews 30 шіл. 2022 06:17 201

Елордада "Мектепке жол-2022" Республикалық жыл сайынғы акциясы басталды. 

Қайырымдылық іс-шара Байқоңыр ауданында аудандық әкімдік өкілдері мен мәслихат депутаттарының қатысуымен басталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Биыл акция балалар жылы аясында өткізіледі. Оған демеушілер мен қамқор азаматтар белсенді қатысады.

Жыл сайынғы іс-шара жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде халықтың әлеуметтік осал санатындағы балаларға көмек көрсетуге бағытталған. 


"Бүгін біз аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға арналған жыл сайынғы "Мектепке жол" республикалық акциясын бастадық. Ол 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Бокстар Байқоңыр ауданының үш нүктесінде орнатылды: "Әлем", "Аймактау" және "Жаннұр" СҮ. Қайырымдылық акциясына қолдау көрсеткісі келетіндер қажетті заттарды, мектеп формасын, мектепке арналған кеңсе тауарларын ала алады, олар аз қамтылған оқушыларға таратылады. Біз тұрғындарды игі істі қолдауға және оған қатысуға шақырамыз", - деп атап өтті Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев.

Акцияға қатысу үшін мұқтаж ата-аналар өз мектебінің әлеуметтік педагогтарына жүгінуі тиіс, олар аудан әкімдігіне тізімдерді қалыптастырады және жібереді.



Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы аталған акция аясында 750-ден астам бала қамтылса, ағымдағы жылы аудан әкімдігі 1000-ға жуық баланы мектепке қажетті барлық заттармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Жақсы дәстүр аясында аудан әкімі аппараты "Мектепке жол-2022" брендтелген қайырымдылық үйлерін орнатты. Бүгін бұл "үйлер" Байқоңыр ауданы әкімі мен қалалық мәслихат хатшысының мектепке қажетті заттары бар алғашқы рюкзактармен толықтырылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x