Жұмысшының жағдайы жақсы әрі қауіпсіз болса, кәсіпорын тиімді жұмыс істейді – Нұрлан Ноғаев

Dalanews 29 шіл. 2022 06:08 230

Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласына барған жұмыс сапарында "Өзенмұнайгаз" АҚ   "Бұрғылау жұмыстары басқармасы", "Кезби" ЖШС, "Бұрғылау" ЖШС кәсіпорындарының жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы алдымен "Кезби" ЖШС өндірістік аймағына, бұдан кейін "Бұрғылау" ЖШС 7507 ұңғымасындағы бұрғылау қондырғысына және "Кезби" ЖШС 9422 ұңғымасына, сондай-ақ "Өзенмұнайгаз"АҚ-ның бұрғылау жұмыстарын басқару өндірістік базасына барды.

Нұрлан Ноғаев облыстағы кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі заңнамасында белгіленген ережелер мен талаптарды сақтау қажеттігіне баса назар аударды.



– Уәкілетті органдар келіп түсетін кез келген хабарламаларға уақтылы ден қоюға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында туындайтын әрбір мәселені таразылап және әділ қарауға тиіс. Жұмыс берушілер үшін жұмысшылардың өндірістегі жағдайлары неғұрлым жақсы және қауіпсіз болса, кәсіпорын соғұрлым тиімді жұмыс істейтінін түсіну маңызды. Қызметкерлер өз кезегінде кәсіпорынның тұрақты және сенімді жұмыс істеуі үшін барынша күш салуы керек, – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.


Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша өңір басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x